CAVA Women’s Champions League өтетін күндер жарияланды
CAVA әйелдер Чемпиондар Лигасы Мальдив аралдарында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан волейбол федерациясының мәліметі бойынша, Орталық Азия аймағындағы ең үздік клубтар арасындағы турнир 2-11 ақпан аралығында Мальдив астанасы Мале қаласында өтеді.
Еске сала кетейік, «Тұран» ВК Қазақстан кубогында топ жарып, осы аймақтық турнирде қатысу құқығына ие болды.
FIVB халықаралық төрешісі Юлия Акулова қазақстандық төреші болып тағайындалды.
CAVA Чемпиондар Лигасы келесі көктемде Азия Чемпиондар Лигасына іріктеу турнирі екенін атап өткен жөн.
Азия Чемпиондар Лигасының қазіргі чемпионы - талдықорғандық «Жетісу».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или