09.01.2026. ACA 198 турнирі. Тікелей трансляция

09.01.2026. ACA 198 турнирі. Тікелей трансляция

9 қаңтарда қазақстандық файтерлер Қайрат Ахметов (30-2) мен Асылжан Бақытжанұлы (17-5-1) Ресейдің Грозный қаласында өтетін Absolute Championship Akhmat 198 аралас жекпе-жек турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

SPORT+ арнасындағы тікелей эфир Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Қазақстандық файтерлер басты кардта бақ сынайды: Ахметов екінші жекпе-жекте, ал Бақытжанұлы үшінші жекпе-жекте бақ сынайды.

Қайрат Ахметов ресейлік Мансур Хатуевпен (16-5), ал Асылжан Бақытжанұлы тағы бір ресейлік спортшы Сулим Баталовпен (9-1) кездеседі.

Ахметов соңғы рет MMA-да 2023 жылдың мамыр айында өнер көрсетіп, австралиялық спорты Рис Макларенді (19-9) төрешілер шешімімен жеңген. Содан бері Қайрат екі грэпплинг кездесуін өткізіп, екеуінде де жеңіліс тапты.

Бақытжанұлы қыркүйек айында ресейлік Евгений Ерохинмен (26-12) төбелесіп, жеңіске жетті.


Тоқтар Шавкат Рахмоновты да басып озды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или