Эксперт: Клуб Чесноков шабуылды одан әрі қауіпті етеді деп үміттеніп отыр

Эксперт: Клуб Чесноков шабуылды одан әрі қауіпті етеді деп үміттеніп отыр

The Scottish Sun басылымның журналисі Роберт Мартин ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Ислам Чесноковтың Шотландиядағы болашағына баға берді. Инсайдердің айтуынша, қазақстандық футболшы «Хартстың» шабуыл шебін күшейте алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оның команданы күшейтетініне күмәнім жоқ. Сол қапталда грек ойыншысы Александрос Кизиридис бар, ол қазірдің өзінде айтарлықтай қауіп төндіріп жүр – өз қапталынан орталыққа қарай ығысып, қақпаға соққы жасайды. «Хартс» клубы Чесноков та оң қапталда дәл осылай ойнап, шабуылды одан әрі қауіпті етеді деп үміттеніп отыр. Кеше бас бапкер Дерек Макиннеспен сөйлестім, оған Исламның ойыны қатты ұнаған. Оның пікірінше, Чесноков жексенбі күні «Дандиге» қарсы матчта алаңға шығуы мүмкін», – деді Мартин.

Чесноков осы аптада ресми түрде «Хартс» клубына ауысты. Команданың келесі ойыны жексенбі күні Шотландия Премьер-лигасы аясында өтеді.


«Қайрат» жолдастық матчтарды жабық есік режимінде өткізеді

Шымкент клубы бюджетті ұлғайтуды көздейді

«Ұлытау» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или