Жас қазақстандық хоккейші Канада чемпионатында гол соқты

Жас қазақстандық хоккейші Канада чемпионатында гол соқты

17 жастағы қазақстандық Бексұлтан Мақыш ойнайтын «Виндзор Спитфайрз» командасы Онтарио хоккей лигасының (Канада) тұрақты маусымы аясында «Эри Оттерс» командасына қарсы өз алаңында ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын алаң иелерінің пайдасына 9-1 есебімен аяқталды.

17 жастағы Бексұлтан Мақыш «Виндзор Спитфайрз» cапында гол соғып, бір голдық пас берді.

Биылғы маусымда қазақстандық хоккейші 39 ойында 26 ұпай жинады (10 гол, 16 голдық пас).

39 ойыннан кейін «Виндзор Спитфайрз» командасы Батыс конференциясының турнир кестесінде бірінші орында тұр.


Қазақстандық хоккейшілер ҚХЛ клубының жеңісіне үлес қосты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

«Барыс» 17 жастағы «Арлан» ойыншысына қызығушылық танытып отыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или