Польшаға зілтемір көтеруден чемпионат өткізуге тиым салынды

Польшаға зілтемір көтеруден чемпионат өткізуге тиым салынды

Еуропа ауыр атлетика федерациясы Польшаны 2026 жылғы юниорлық және жастар арасындағы чемпионатты өткізу құқығынан айырды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

2026 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионаты бастапқыда Польшаның Люблин қаласында 23–30 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған еді. Алайда Еуропа ауыр атлетика федерациясы Польшаны турнирді ұйымдастыру құқығынан айырды. Себебі олар Беларусь пен Ресей спортшыларына визалық кепілдік беруден бас тартқан. 

Польша беларуссиялық һәм ресейлік спортшыларға визалық кепілдік беруден үзілді-кесілді бас тартқан. Федерация спортта бірлікті сақтау басты мақсат екенін және саяси немесе геосаяси себептерге негізделген дискриминацияны қабылдамайтынын атап өтті.

Айта кетелік, чемпионат 2026 жылдың қазан айында Албанияда өтетін болды. Турнирге 23 жасқа дейінгі спортшылар қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или