Александр Бублик Гонконгтағы ATP турнирінің ширек финалына оңай өтті
Әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик ATP Гонконг турнирінің 1/8 финалында Нидерланд өкілі Ботик ван де Зандсхюлпты (75) сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Матч небәрі 1 сағат 11 минутқа созылды. Бублик ойын барысында айқын басымдық танытып, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Ширек финалда қазақстандық теннисші Қытай өкілі Цзюньчэн Шанмен кездеседі.
Айта кетелік, турнирдің қазіргі чемпионы француз теннисшісі Александр Мюллер. Ол өткен жылғы финалда жапониялық Кэй Нисикориді 2:6, 6:1, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или