Теннисшілерге бөлінетін сыйақы рекордтық көрсеткішке жетті
2026 жылы өтетін Australian Open турнирінде теннисшілер арасында бөлінетін жүлде қоры шамамен 75 миллион АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Теннистен Австралия ашық чемпионатының (Australian Open) 2026 жылғы жүлде қоры 16 пайызға артып, 111,5 миллион австралиялық долларға жетті. Бұл шамамен 75 миллион АҚШ долларына тең. Бұл теңгеге шаққанда 38 млрд.
Жарыс 2026 жылдың 12 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Мельбурн қаласында өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүлде қоры ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында тең бөлінеді.
Жекелей сын бойынша жүлде қоры төмендегіше үлестіріледі:
– чемпион — шамамен 2,8 млн АҚШ доллары;
– финалист — 1,4 млн доллар;
– жартылай финал — 839 мың доллар;
– ширек финал — 503 мың доллар;
– төртінші айналым — 322 мың доллар;
– үшінші айналым — 220 мың доллар;
– екінші айналым — 151 мың доллар;
– бірінші айналым — 101 мың доллар.
Айта кетелік, бұған дейін «Үлкен дулыға» турнирлері арасындағы ең ірі жүлде қоры АҚШ ашық чемпионатында тіркеліп, ол 90 миллион долларды құраған болатын. Бұл шамамен 45 млрд теңгені құрайды.