Өзбек футболшыларына сұраныс артты
Мадридтің атақты «Реал» клубы қысқы трансфер кезінде «Манчестер Сити» сапында ойнайтын өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусановты қатарға қосуды көздеп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еуропалық футболда тағы да сенсациялық ақпарат тарап жатыр. Испаниялық «Реал Мадрид» қорғаныс шебін күшейту мақсатында «Манчестер Сити» ойыншысы Абдукодир Хусановтың кандидатурасын қарастыру үстінде. Бұл туралы Fichajes.net басылымы мәлім етті.
Мадридтік клуб футболшыны маусым соңына дейін жалға алуды көздейді. «Реал» үшін орталық қорғаушы мәселесі өзекті болып отыр, сондықтан егер Хусанов қабылданса испаниялық клубта жиі алаңға шығуы мүмкін.
Айта кетелік, бұған дейін Абдукодир Хусановқа «Ливерпуль» қызығушылық танытқан болатын. Алайда «Манчестер Сити» тікелей бәсекелесіне ойыншыны беруден бас тартқан еді.