Өзбекстандық футболшы Англия төрінде үздік өнер көрсетті

Өзбекстандық футболшы Англия төрінде үздік өнер көрсетті

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов Англия Премьер-лигасында өткен матчта сенімді ойын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Англия Премьер-лигасының 21-турында «Манчестер Сити» «Брайтонға» қарсы кездесу өткізді. Бұл ойында өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов негізгі құрамда алаңға шығып ойнады.

Хусанов қорғаныста сәтті әрекет етіп, қарсыластың бірнеше қауіпті шабуылын тоқтатты. Ойын қорытындысы бойынша ол 7,1 баллдық баға алды.

Айта кетелік, кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или