Бекзат Нұрдәулет рингпен қош айтысты
Бокстан әлем чемпионы, ауыр салмақта Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Бекзат Нұрдәулетов кәсіби спорттағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаң жолында ірі жетістіктерге қол жеткізді. Ол жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ересектер арасындағы әлем чемпионы, сондай-ақ Токио Олимпиадасының қатысушысы болды.
Айта кетелік, ол спорттық мансабын аяқтағанымен, бокстан алыстамақ емес. Алдағы уақытта спорт саласының маманы ретінде өңірлік спортты дамытуға үлес қоспақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или