Мизерных пен Васильев Еуропадағы беделді турнирде өнер көрсетті

Мизерных пен Васильев Еуропадағы беделді турнирде өнер көрсетті

Еуропада шаңғымен трамплиннен секіруден беделді «Төрт трамплин турнесі» мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz. Аталған жарыс Германия мен Австрияда өткен Әлем кубогының төрт кезеңін біріктірді.

Бұл турнирде Қазақстан атынан Илья Мизерных пен Данил Васильев бақ сынады. Жалпы есеп қорытындысы бойынша Мизерных 32-орынға тұрақтаса, Васильев 46-сатыдан көрінді.

Турнирдің жеңімпазы словениялық Домен Превц атанды. Екінші орынды австриялық Ян Херль иеленсе, қола жүлде тағы бір Австрия өкілі Штефан Эмбахерге бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или