Шымкент клубы бюджетті ұлғайтуды көздейді
Шымкенттік «Ордабасы» клубы команданың бюджетін айтарлықтай арттыра алатын әлеуетті инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz. Дереккөз мәліметінше, келесі маусымда қала әкімдігі тарапынан бөлінетін қаржы 1,5 млрд теңгеден аспайды, ал бұл сома жоғары турнирлік мақсаттар қоюға жеткіліксіз.
Сонымен қатар инвесторлардың бірі ынтымақтастыққа алдын ала келісім бергені айтылып отыр. Қосымша қаржыландыру команда құрамын күшейтіп, жүлделі орындар үшін бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Клуб президенті Асхат Сейсембек қазіргі бюджетпен чемпионатта жоғары орындарға таласу қиын екенін атап өтті. Оның айтуынша, қаржылық мүмкіндіктерді кеңейтпей, үлкен нәтиже күту орынсыз.
Өткен маусымда «Ордабасы» бюджеті шамамен 3,2 млрд теңгені құраған. Алайда бас бапкер Андрей Мартиннің жетекшілігімен команда ҚПЛ-де жетінші орынмен шектелді. Бұған қоса, шымкенттіктер Қазақстан Кубогының финалында «Тоболға» жол беріп, еурокубоктардан тыс қалды. Соған қарамастан, молдовалық маман алдағы маусымда да командамен жұмысын жалғастырады.
Бивол мен Бетербиевтің үшінші жекпе-жегіне қызығушылық жоғары