Данилина бұл турнирде сербиялық Александра Круничпен жұпта ойнады. Финалға жолдама үшін олар испаниялық Кристина Букша мен аустралиялық Эллен Переске қарсы шықты. Жартылай финалдық кездесу тартысты өтіп, үш сетке созылды.
Алғашқы партияда Анна мен Александра жеңіліп қалды. Алайда екінші сетте ойын барысын өз пайдасына өзгертіп, бір брейкке қарамастан сет соңын сенімді өткізді де, есепті теңестірді.
Жеңімпаз супертай-брейкте анықталды. Шешуші сәтте Данилина мен Крунич алда болғанымен, соңында Букша мен Перес басымдықты өз қолына алып, 6:3, 4:6, 10:7 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Елена Рыбакина Брисбендегі турнирдің ширек финалына шықты
Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына шықты