Alinea Analytics дерегіне сәйкес, бұл көрсеткіш 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 22,7 пайызға жоғары. 21 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында сатылған даналар саны бойынша ең табысты ойын — ARC Raiders болса, жалпы түсім көлемі жағынан көшбасшы — Counter-Strike 2 атанды.
Бұған дейін Steam тарихындағы ең табысты айлардың бірі 2020 жылдың желтоқсаны саналған еді. Пандемия кезеңінде платформа ол кезде 1,4 млрд доллар табыс тапқан. Ал 2025 жылдың желтоқсанындағы нәтиже бұл көрсеткіштен асып түсіп, сервис тарихындағы абсолютті рекорд ретінде тіркелді.