Джейсон Шрейер GTA 6 әлі толық дайын емес екенін айтты
Журналист Джейсон Шрейердің айтуынша, GTA 6 ойынының шығу мерзімінің кейінге шегерілу ықтималдығы әлі де сақталып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz. Себебі жоба әзірге толық аяқталмаған.
Шрейердің мәліметінше, қазіргі таңда Rockstar командасы ойынның контентін соңғы кезеңде пысықтап жатыр. Оның ішінде деңгейлер мен сюжеттік тапсырмалар бар, сондай-ақ финалдық нұсқаға нақты не кіретіні жөнінде шешім қабылдануда. Журналист бұл жағдайда ойынды белгіленген мерзімде шығатынына толық сеніммен айту қиын екенін атап өтті. Дегенмен қазіргі жағдай 2025 жылдың күзі немесе 2026 жылдың мамырымен салыстырғанда шынайырақ көрінеді.
Сонымен қатар Шрейер Rockstar студиясының өнім сапасы үшін релиз күнін кейінге қалдырудан ешқашан қорықпайтынын еске салды. Оның айтуынша, бұл кешігу міндетті түрде болады деген сөз емес, бірақ мұндай мүмкіндік әрдайым бар. Бұған дейін студия мінсіз нәтиже үшін жобаларын бірнеше рет кейінге қалдырған.
Айта кетейік, бұған дейін инсайдер Том Хендерсон керісінше пікір білдіріп, GTA 6 ойыны негізінен дайын екенін, ал жуырдағы алты айлық шегерім соңғы әрі шешуші өзгеріс болғанын айтқан еді.
The Game Awards 2025 көрермен саны бойынша рекорд жаңартты
Jame-нің StarLadder Budapest Major 2025 турнирінің алғашқы кезеңіндегі рейтингі белгілі болды