Британдық файтер чемпиондық жекпе-жекте Сирил Ганмен кездесуде көзінен жарақат алған. Қарсыласының саусағы көзге тигеннен кейін жарақат ауыр болып шыққан және Аспиналлға операция қажет. Осыған байланысты оның октагонға оралуы кейінге шегерілді.
Алғашында UFC басшылығы бірден реванш өткізуді қарастырған. Алайда нақты диагноз белгілі болған соң жоспар өзгертілді. Қазір промоушенде ауыр салмақта уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салу нұсқасы талқыланып жатыр. Әңгімеге қарағанда, бұл белбеу үшін Сирил Ган мен жартылай ауыр салмақтың қазіргі чемпионы Алекс Перейра жұдырықтасуы мүмкін.
Аспиналл бұл сөздерге Пэдди Пимблетттің подкастында жауап берді. Ол мұндай жекпе-жекті қызықты деп санайтынын айтты, бірақ өз басты мақсаты өзгермейтінін жеткізді. Оның сөзінше, ең маңыздысы — толық сауығып, Ганмен реванш өткізу. Қысқа мерзімді жоспары ретінде Аспиналл мүмкіндігінше тезірек жаттығу залына оралып, дайындықты жалғастыруды көздеп отыр.
Бұрынғы UFC чемпионы 2026 жылы көргісі келетін 5 жекпе-жекті атады