«Елімай» командасы «Динамоның» бұрынғы ойыншысын қатарына қосты
Семейлік «Елімай» 26 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушы Хрвое Иличпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хорватиялық ойыншы кәсіби мансабын 2013 жылы «Осиек» командасында бастады. Осы жылдар ішінде ол Загребтің «Динамосында», италиялық «Пескарда» және украиналық «Кривбаста» ойнады.
2013 жылдан бері Илич Хорватияның жастар құрамасына шақырылып, шамамен 25 ойын өткізіп, төрт гол соқты.
«Хартс» бас бапкері Ислам Чесноковты мақтады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или