Қазақстандық теннисші Австралиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда ол испаниялық Паула Бадосамен кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.
Келесі айналымда ол чехиялық теннисші Каролина Мухова мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры шамамен 1,69 миллион доллар. Ең жоғары рейтингке ие болған ойыншы 214 530 доллар және 500 рейтингтік ұпай жинайды.
Қазақстандық жас талант әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның жас теннисшілері әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или