Transfermarkt порталы бір жыл ішінде құны тым жоғарылаған қазақтандық футболшылардың тізімін жариялады

Transfermarkt порталы бір жыл ішінде құны тым жоғарылаған қазақтандық футболшылардың тізімін жариялады

Әлемдік Transfermarkt порталы бір жыл ішінде құны тым жоғарылаған қазақтандық футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Порталдың ақпаратынша Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебектің нарықтағы құны біршама өскені байқалады. Футболшының құны бір жылда 375 мың еуродан 600 мың еуроға өскен. Өсім көрсеткіші - 166 пайыз. Мамандар оны Қазақстандық футбол үшін өте сирек кездесетін динамика ретінде бағалап отыр. Екінші орынға Ресейдің «Ахмат» ойыншысы Максим Самородов жайғасқан. 2025 жылы оның бағасы 1,3 миллион еуродан 2,5 миллион еуроға дейін өсіп, 108 пайыздық өсім тіркелді. Үздік үштікті семейлік «Елімайдың» қорғаушысы Әділбек Жұмаханов түйіндеді. Қорғаушының нарықтағы бағасы 250 мың еуродан 600 мың еуроға дейін көтеріліп, 71 пайызға артты.

Бір жыл ішінде құны тым жоғарылаған қазақтандық футболшылардың тізімі:

  • 1. Ғалымжан Кенжебек (клубсыз) — 600 тыс (€) (375 тыс) — 166,7 %;
  • 2. Максим Самородов («Ахмат») — 2,50 млн (€) (+1,30 млн) — 108,3 %;
  • 3. Әділбек Жумаханов («Елімай») — 600 тыс (€) (250 тыс) — 71,4 %;
  • 4. Ислам Чесноков («Хартс») — 1,20 млн (€) (400 тыс) — 50,0 %;
  • 5. Дамир Қасабулат («Қайрат») — 600 тыс (€) (150 тыс) — 33,3 %;
  • 6. Стас Покатилов («Сабах») — 600 тыс (€) (100 тыс) — 20,0 %;
  • 7. Артур Шушеначев («Ақтөбе») — 600 тыс (€) (100 тыс) — 20,0 %;
  • 8. Александр Зуев («Тобыл») — 700 тыс (€) (100 тыс) — 16,7 %;
  • 9. Дастан Сәтпаев («Қайрат») — 3,00 млн (€) (-).


«Хартс» бас бапкері Ислам Чесноковты мақтады

ҚПЛ клубынан бір құрамның футболшылары кетті

Қазақстандық футболшы «Жеңіс» ойыншысы атанды

Ислам Чесноков «Хартс» сапына ресми түрде қосылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или