«Каспий» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Қазақстанда өткізуде
Маңғыстаулық «Каспий» футбол клубы Астана қаласында алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оқу-жаттығу жиыны 5-16 қаңтар аралығында өтеді. Оқу-жаттығу жиынына «Каспий» футбол орталығының тәрбиеленушілері шақырту алып, қаралымнан өтуде.
Әзірге ақтаулық клубта бас бапкер жоқ. Бұл қызметті ресейлік маман Виктор Кумыков атқарады деген сыбыс шыққан еді. Оны команда басшылығы жоққа шығарды.
Айта кетейік, аталған клуб екінші оқу-жаттығу жиынын жаңа бапкер және жаңа легионерлермен Түркияда өткізеді деп күтілуде.
«Хартс» бас бапкері Ислам Чесноковты мақтады
ҚПЛ клубынан бір құрамның футболшылары кетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или