Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдегі екінші кездесуінде де сенімді жеңіске қол жеткізді
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бангалордағы (Үндістан) турнирде өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда отандасымыз (ATP рейтингінде 237-орын) Малайзия өкілі Мицуки Вэй Канг Леонгты (774-орын) екі сетте 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 32 минутқа созылды.
Осылайша, Тимофей Скатов ширек финалға шықты. Ол келесі айналымда Дэн Мартин (421-орын) мен Йонас Форейтек (441-орын) арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің алдыңғы кезеңінде ол Аустрия өкілі Нейл Оберляйтнерді (427-орын) сенімді түрде жеңген — 6:3, 6:3.
Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның жас теннисшілері әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартты
Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты