«Хартс» бас бапкері Ислам Чесноков туралы жағымды пікір білдірді
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубының футболшысы атанған болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 жастағы қазақстандық вингер клубпен 2028 жылдың жазына дейін есептелген ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойды.
Осы трансферге қатысты «Хартс» бас бапкері Дерек Макиннес жағымды пікір білдірді:
«Исламның келгеніне өте қуаныштымын. Ол «Хартс» ойыншысы атанды және алаңға шығуды тағатсыздана күтіп жүр.
Мен де, клуб та ылғи Исламмен байланысып отырдық. Бұл трансфер жүзеге аспай қалады-ау деген қорқыныш мүлде болмады.
Ислам – өте талантты ойыншы және жақсы жігіт. Оның қатарымызға қосылуы командаға көмектесетініне сенімдіміз. Сондай-ақ «Хартста» жоғары жетістікке жетуі үшін барымызды саламыз», – деді Дерек Макиннес.
Айта кетейік, Чесноков Премьершиптегі алғашқы қазақстандық ойыншы атанды.
Ислам Чесноков «Хартс» сапына ресми түрде қосылды