Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирде қарсыласын сенімді жеңді

Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирде қарсыласын сенімді жеңді

Қазақстандық теннисші, әлемнің 298-ракеткасы Михаил Кукушкин Ноттингем (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда жарысқа арнайы шақырту алған, рейтингіде 441-орындағы франциялық, 19 жастағы Малиж Маэні ойсырата ұтты — 6:3, 6:0.

М.Кукушкин бүгін екінші айналымда рейтингіде 368-сатыдағы германиялық Кристоф Негритумен кортқа шықты. Қазақстандық спортшы бұл кездесуде де айқын басымдылық танытты — 6:2, 6:1.

Бір сағат 22 минутқа созылған бәсекеде Кукушкин 4 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Негриту 3 эйстен аса алмады.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін америкалық Кэннон Кингсли немесе ұлыбританиялық Элистор Грейдің қай жеңгенімен таласады. 

Қазақстандық жас талант әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның жас теннисшілері әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или