Өзбекстан бокста көшбасшы екенін мәлімдеді

Өзбекстан бокста көшбасшы екенін мәлімдеді

Өзбекстан бокстан 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша өзін әлемдегі жетекші бокс державасы ретінде таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Өзбекстанның Sport телеарнасы бокс маусымының қорытындысына арналған көлемді материал жариялап, ұлттық құраманың жетістігін мемлекеттік деңгейде құрылған біртұтас жүйенің жемісі деп бағалады.

Деректерге сүйенсек, 2025 жылы өзбек боксы ТМД кеңістігіндегі гегемон ретіндегі мәртебесін түпкілікті бекітіп, бүкіл аймаққа бағыт-бағдар беретін күшке айналды.

«2025 жыл Өзбекстанның әлемдік бокста жай ғана бар екенін емес, оның күн тәртібін қалыптастырып отырғанын көрсетті. Енді бұл фактпен бүкіл әлем санасуға мәжбүр» делінген телерепортажда.

Айта кетелік, ірі халықаралық жарыстарда өзбек боксшылары 53 алтын, 29 күміс және 34 қола медальді қанжығалады. Сонымен қатар Өзбекстанның ерлер құрамасы World Boxing нұсқасы бойынша әлемде бірінші орынға жайғасып, екі боксшы «жылдың үздігі» атағына ұсынылды.

Бивол мен Бетербиевтің үшінші жекпе-жегіне қызығушылық жоғары

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или