Джиу-джитсу тәжіктердің ұлттық спорты ма?
Тәжік джиу-джитсуы тарихта алғаш халықаралық деңгейге шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемге танымал джиу-джитсу шебері Рафаэль Хуберт Душанбе қаласында семинар өткізді. Бұл шарада спорттың келешегі үшін іргелі қадам жасалды.
Team Boymurodov Gym-де өткен салтанатты іс-шара туралы пікір білдірген мастер Комил Боймуродов:
«Бұл шын мәнінде Тәжікстан үшін тарихи күн. Семинар жоғары деңгейде өтті, жаңа белбеулер мен дәрежелер берілді. Ең бастысы спорттың мықты әрі тұрақты болашағы құрылды» деді ол.
Айта кетелік, Рафаэль Хуберт өз кезегінде Тәжікстанда джиу-джитсуды жүйелі жұмыс арқылы ұлттық спортқа айналдыруға болатынын айтты.
Семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде София Актаева ел намысын қорғайды
Канададағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды
Әйгілі ресейлік балерина өмірден озды