18 жастағы Горбачева Германияда отадан кейін қалпына келуде

18 жастағы Горбачева Германияда отадан кейін қалпына келуде

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Алина Горбачёва Telegram каналында Германияда жоспарлы операциядан сәтті шыққанын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

2025 жылдың соңында спортшы Германияға ота жасатуға аттанған. Горбачеваның тізесі жарақаттанған, және неміс дәрігерлері хирургиялық араласуды ұсынған. Жарақатқа байланысты ол желтоқсан айындағы Ресей чемпионатына қатыса алмады.

Айта кетелік, 18 жастағы спортшы өткен маусымда Ресей чемпионатында үздіктер арасынан суырылып шығып, қола алқаны еншілеген. 

Олимпиадаға жол ашқан күміс жүлде

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или