«Ол бір ауыз сөз айтпады»: Хабиб Хусанов туралы пікір білдірді

«Ол бір ауыз сөз айтпады»: Хабиб Хусанов туралы пікір білдірді

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Англияның «Манчестер Сити» клубының жаттығу базасына барып, әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

37 жастағы спортшы әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусановпен кездесу сәтіне арнайы тоқталды. Хабибтің айтуынша, футболшы аса көп сөйлемеген.

«Абдукодир Хусановпен бір сағаттай отырдық. Ол мүлде сөйлеген жоқ. Алла сені сақтасын. Өзбек халқы саған үлкен үміт артып отыр. Дәйім алға бас! Бір сәтке де берілме! » деп жазды Нурмагомедов.

Айта кетелік, Хабиб Нурмагомедовтің «Манчестер Сити» базасына сапары жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

«Сантос» Неймармен келісімшартты ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или