Соболенко мен Бадоса жұптық турнирден бас тартты
Беларусьтік теннисші Арина Соболенко мен испаниялық Паула Бадоса Брисбенде өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің жұптық сынынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Теннисшілер ширек финалда Кристина Букша мен Эллен Переске қарсы ойнауы тиіс болған. Алайда олардың жарыстан бас тартуына байланысты үшінші нөмірлі жұп автоматты түрде жартылай финалға жолдама алып кетті. Бұл кезеңде Букша мен Перестің қарсыластары қазақстандық Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич болады.
Айта кетелік, Соболенко мен Бадоса жекелей сында жарысты жалғастырып жатыр. Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко екінші айналымда Кристина Букшаны айқын басымдықпен жеңді (6:0, 6:1) Ал әлемдік рейтингте 25-орында тұрған Паула Бадоса чехиялық Мари Боузковадан тартысты матчта басым түсті (6/7(4), 6/4, 6/2)
Қазақстандық жас талант әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның жас теннисшілері әлемдік рейтингтегі орындарын жақсартты