Күміс жүлдеден Олимпиадаға: Шайдоровтың тарихи жолдамасы

Күміс жүлдеден Олимпиадаға: Шайдоровтың тарихи жолдамасы

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына тура бір ай қалды. Милан мен Кортина-д’Ампеццода (Италия) өтетін төртжылдықтың басты додасына алғашқы лицензияны Михаил Шайдоров алған еді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қазақстан құрамасы бірнеше спорт түрінен іріктеу кезеңін толық аяқтады. Атап айтқанда, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және конькимен жүгіру спортынан Олимпиада квоталары бөліске түсті.

Қазақстан қоржынына алғашқы олимпиадалық жолдамаларды Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина салған. Қос спортшы АҚШ-тың Бостон қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында іріктеу талаптарын толық орындады. Соның ішінде Михаил Шайдоровтың күміс алқасы Ақ ойынға жол ашқан еді.

2026 жылғы Олимпиада аясындағы мәнерлеп сырғанау жарыстары 6 ақпанда басталады. Әуелі ерлер арасындағы жеке сырғанау өтеді:

10 ақпан - қысқа бағдарлама

13 ақпан - еркін бағдарлама

Әйелдер арасындағы жарыстар 17 ақпанда басталып, 19 ақпанда еркін өнер көрсетумен мәресіне жетеді.

Айта кетелік, Олимпиада-2026 ойындары Италияда 6–22 ақпан аралығында өтеді.

Шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезеңіндегі қазақстандықтардың нәтижесі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или