Конор Макгрегор Мейвезермен реванш өткізгісі келетінін ашық айтты

Конор Макгрегор Мейвезермен реванш өткізгісі келетінін ашық айтты

37 жастағы ирландиялық файтер, UFC-де екі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Конор Макгрегор даулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Конор Флойд Мейвезермен реванш өткізуге ниетті екенін жеткізді. Бір қызығы бұл жолы жекпе-жек бокс емес, аралас жекпе-жек (ММА) ережесімен өтуі тиіс екен. Оның үстіне, Макгрегор айқасты АҚШ-тың Ақ үйінде өтетін UFC турнирінде ұйымдастыруды ұсынды.

«Флойд, ММА ережесімен жекпе-жек өткізуге дайын болсаң, мен қашанда осындамын. Айтуларынша, жазда Ақ үйде қызық турнир өтуі мүмкін. Майкл, әрине, бұл әзіл! Бірақ шындап келгенде, бір кеште екеуіңмен де төбелесуге әзірмін. Мейвезерді ММА ережесімен еш қиындықсыз, он секундта-ақ сұлатып салам» деп жазды Макгрегор X әлеуметтік желісінде.

Айта кетелік, Флойд Мейвезер бокстан бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған, абсолютті чемпион мәртебесіне ие болған аты аңызға айналған тұлға.

Қазақстандық файтер шетелдік қарсыласын сабап тастады (видео)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или