Туков Бивол — Бетербиев трилогиясын көптен күткен айқас деп атады

Туков Бивол — Бетербиев трилогиясын көптен күткен айқас деп атады


Ресейде Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізу мүмкіндігіне оң баға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл жөнінде WBA Gold және IBA.PRO Intercontinental белбеулерінің иегері Вадим Туков пікір білдірді.

Туковтың айтуынша, қазір бұл айқас ең көп күтіліп отырған жекпе-жектердің бірі. Егер кездесу Ресейде өтсе, бұл ел боксы үшін үлкен оқиға болмақ. Оның сөзінше, мұндай деңгейдегі айқас Александр Усик пен Мурат Гассиев кездесуінен бері болған жоқ. Сонымен қатар мықты андеркард құрып, жергілікті боксшыларды көрсетуге мүмкіндік туады. Туков сондай-ақ Бивол немесе Бетербиевтің Дэвид Бенавидеске қарсы жекпе-жегі де аса қызық екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, желтоқсан айының соңында The Ring журналы Дмитрий Биволдың арқаға жасалған операциядан кейін толық қалпына келіп, 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында неміс боксшысы Михаэль Айфертке қарсы міндетті титулдық қорғау өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған. Ал Артур Бетербиевпен трилогияны Бивол жылның екінші жартысында аяқтауды көздеп отыр.

Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі жарияланды

Олимпиада чемпионы Еркебұлан Тоқтармен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или