Офри Арад «Қайратпен» қоштасты

Офри Арад «Қайратпен» қоштасты

Алматылық «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Офри Арад келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты команда сапындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz. Израильдік футболшы клубта үш маусым бойы ойнады.

27 жастағы Офри Арад «Қайрат» құрамына 2023 жылы қосылған. Алғашында орталық қорғаушы ретінде алаңға шыққан ол кейін тірек аймағына ауысып, команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.

Арад «Қайратпен» бірге 2024 және 2025 маусымдарында Қазақстан чемпионы атанып, 2025 жылғы Суперкубокты жеңіп алды. Сондай-ақ команда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

2025 жылдың қарашасында израильдік футболшы «Джузеппе Меацца» стадионында «Интер» қақпасына гол соққан. Жалпы алғанда ол «Қайрат» сапында 92 матч өткізіп, үш гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

«Хартс» бапкері Ислам Чесноковқа сенім артатынын айтты

«Қайсар» БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамын жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или