Уле-Гуннар Сульшер клубқа уақытша оралуға дайын

Уле-Гуннар Сульшер клубқа уақытша оралуға дайын


«Манчестер Юнайтед» клубы команданың бұрынғы бас бапкері Уле-Гуннар Сульшермен келіссөз өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы журналист Флориан Плеттенберг әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Дереккөздің айтуынша, норвегиялық маман «қызыл сойқандарды» тіпті осы маусымның соңына дейін ғана болса да басқаруға дайын. Сульшер бұл жұмысқа аса ынталы әрі толықтай дайын екені айтылып отыр. Қазіргі таңда клуб басшылығы соңғы шешімді қабылдау үстінде.

Уле-Гуннар Сульшер «Манчестер Юнайтед» командасын 2018 жылдан 2021 жылға дейін жаттықтырған.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні «Манчестер Юнайтед» клубы бас бапкер қызметінен Рубен Аморимді босатқанын жариялады. Португалиялық маман манкуниандықтармен 2024 жылдың 11 қарашасынан 2026 жылдың 5 қаңтарына дейін жұмыс істеді.

Ресми: Лиам Росеньор «Челси» бас бапкері атанды

Нигерия құрамасы Африка Ұлттар Кубогының ширек финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или