Эдинбургтік команда қазіргі таңда ел чемпионатының турнирлік кестесінде сенсациялық түрде көш бастап тұр.
26 жастағы қазақстандық вингер клубпен 2028 жылдың жазына дейін есептелген ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойды. Чесноков Шотландияға еркін агент мәртебесінде көшіп келді. Ол бұған дейін қостанайлық «Тобол» сапында өнер көрсеткен.
«Хартстың» Чесноковқа қызығушылығы бір күндік болған жоқ. Шотландиялық клуб қазақстандық футболшыны өткен жылдың қаңтарынан бері бақылап, қысқы және жазғы трансфер кезеңдерінде келісім жасауға тырысқан. Алайда сол кезде «Тоболмен» қаржылық шарттар бойынша ортақ шешімге келе алмаған.
Бұл ауысым тарихи сипатқа ие. Ислам Чесноков Қазақстан атынан Шотландия чемпионатында өнер көрсететін алғашқы футболшы атанды.
«Қайсар» БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамын жариялады