Дерек Маккинес Ислам Чесноковтың ауысуына пікір білдірді
«Хартс» клубының бас бапкері Дерек Маккинес Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноковпен келісімшартқа қол қойылуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маман Исламның командаға қосылғанына қуанышты екенін жеткізді. Оның айтуынша, Чесноков «Хартстың» толыққанды ойыншысы және жаңа клубы үшін ойнауды асыға күтіп отыр. Бапкер мен клуб өкілдері футболшымен үнемі байланыста болғанын, ауысым барысында ешқандай асығыстық пен алаңдаушылық болмағанын атап өтті.
Маккинес Исламды талантты ойыншы әрі жақсы мінезді жігіт деп сипаттап, оның келуі команданың дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ клуб Чесноковтың «Хартс» сапында толық ашылып, табысты өнер көрсетуі үшін бар жағдайды жасайтынын айтты.
Еске сала кетейік, 26 жастағы Қазақстан құрамасының вингері Эдинбург клубымен 2028 жылдың жазына дейін есептелген ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойған.
«Қайсар» БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамын жариялады