Шарабутдин Магомедов көктемнің соңын нысанаға алып отыр

Шарабутдин Магомедов көктемнің соңын нысанаға алып отыр

UFC-дің орта салмақтағы өкілі Шарабутдин Магомедов октагонға қайта оралатын уақыт жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Файтердің айтуынша, келесі жекпе-жекке шығу үшін ең қолайлы кезең — көктемнің соңы.

Оның сөзінше, мамыр айы оралуға ең тиімді уақыт болып тұр. Бұл туралы ол Камил Гаджиевтің YouTube-арнасындағы сұхбатында айтты.

31 жастағы спортшы UFC-де 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол ұйым аясында алты жекпе-жек өткізіп, бес жеңіске жетіп, бір рет жеңілген.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айында Шара Буллет Қазақстанда өзінің жекпе-жек залын ашқан болатын.

Қазақстандық файтер шетелдік қарсыласын сабап тастады (видео)

Промоутер Еркебұлан Тоқтардың UFC-ге өту мүмкіндігін бағалады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или