Макгрегор UFC турнирінде Мейвезермен реванш өткізгісі келеді

Макгрегор UFC турнирінде Мейвезермен реванш өткізгісі келеді

37 жастағы ирландиялық файтер Конор Макгрегор кезекті даулы мәлімдеме жасап, қайтадан назарға ілікті, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұрын UFC-де екі салмақта бірдей чемпион болған спортшы Флойд Мейвезермен реванш өткізуге дайын екенін айтты.

Макгрегор бұл жолы жекпе-жекті аралас жекпе-жек ережесі бойынша өткізуді ұсынды. Оның айтуынша, айқас тіпті АҚШ-та Ақ үй аумағында өтуі мүмкін UFC турнирінде ұйымдастырылуы ықтимал.

Сөз 48 жастағы америкалық, кәсіпқой бокста бес салмақта әлем чемпионы атанған Флойд Мейвезер туралы болып отыр. Макгрегор өзіне тән батыл мінезбен қарсыласынан еш сескенбейтінін ашық білдірді.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Мейвезер ММА ережесімен жекпе-жекке дайын болған сәтте бірден шығатынын айтып, тіпті оны қысқа уақыт ішінде жеңе алатынына сенімді екенін жеткізді.

Қазақстандық файтер шетелдік қарсыласын сабап тастады (видео)

Промоутер Еркебұлан Тоқтардың UFC-ге өту мүмкіндігін бағалады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или