«Семей» чемпионат матчында қарсылас қақпасына бес доп соқты
Қазақстан чемпионатының матчында «Астана» өз алаңында «Семейден» 5:0 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қонақтар ойын басынан тізгінді қолына алды: Әбдірасул Абдуманапұлы 11-минутта есеп ашты, ал 20-минутта команданың басымдығын екі есеге арттырды. «Семей» екінші таймда да басымдығын арттыра берді: Дедезиньо да екінші таймда дубль авторы атанды.. Ақжол Дәрібай қорытынды есепті 5:0-ге жеткізді.
Бұл жеңістен кейін «Семей» 52 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында, «Қайраттан» 11 ұпай алда келеді. 20 ұпаймен «Астана» оныншы орында, плей-офф аймағынан үш ұпайға артта қалып отыр.
«Семей» командасының бұрынғы бапкері бразилиялық клубты жаттықтырады
«Қайрат» тағы бір ойыншымен қоштасты
Ел кубогы: Жеті доп соғылған финалдық матчтың үздік сәттері (видео)