Еркебұлан Тоқтардың UFC-ге өту мүмкіндігі бар ма?

Еркебұлан Тоқтардың UFC-ге өту мүмкіндігі бар ма?

Nomad Fighting қазақстандық жалаңқол жекпе-жек лигасының басшысы Мұхамеджан Қонысбеков Sports24.kz басылымына берген эксклюзивті сұхбатында Еркебұлан Тоқтардың әлемдегі ең мықты лига – UFC-де өнер көрсету перспективаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Еркебұлан Тоқтарға келетін болсақ, менің ойымша, оның соққы бағытындағы жекпе-жек түрлерінде үлкен биіктерге жетуге барлық мүмкіндігі бар. Бұл – бокс, жалаңқол жекпе-жектер, голы қолмен өтетін айқастар. Осы бағыттарда өзін толықтай көрсете алады. Ал толыққанды ММА мен UFC-де өнер көрсетуге келсек, бұл жерде жағдай қиынырақ. Күрес пен грэпплинг негізінің жоқтығы оның UFC-дің үздік деңгейіне көтерілу ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді. Сонымен қатар, жас факторын да ұмытпау керек.

Ол қазір 30-да, бұл жаста күресті халықаралық деңгейге шығару өте қиын. Еркебұлан Тоқтар сұхбатында UFC-ге шығуды армандайтынын, мақсат қойған адам үшін ешқандай кедергі жоқ екенін көрсеткісі келетінін айтқан еді. Бірақ оның басты мақсаты – UFC-дің белбеуін алу емес шығар. Мүмкін, дебюттік жекпе-жек пен бірнеше кездесу өткізіп, ары қарай мансабын басқа бағытта жалғастырады. Әрине, мұның бәрі оның UFC деңгейіне жетуіне байланысты», – деді Мұхамеджан Қонысбеков.

Еркебұлан Тоқтар – қазақстандық спорттың супержұлдызы. Ол ұзақ уақыт поп-MMA-де өнер көрсетіп, кейін кәсіби MMA-ға ауысты және қазірдің өзінде 11-3 рекорды бар. Жақында ол Ташкентте өткен кәсіпқой бокс турнирінде өзбекстандық боксшы Тимур Никулинді нокаутқа түсірді. Еркебұланның әлеуметтік желідегі аудиториясы өте үлкен, кейбір ақпараттарға қарағанда, алдағы уақытта ол октагонда тағы бір қазақстандық MMA жұлдызы Қуат Хамитовпен кездесуі мүмкін.


Қазақ қызы АҚШ ММА лигасында чемпиондық белбеу үшін айқасады

Қазақ пен өзбек жекпе-жегі: OCTAGON аренасында Ерасыл үстем болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или