ҚПЛ клубынан бір құрамның футболшылары кетті
Жезқазғанның «Ұлытау» командасы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты 12 ойыншымен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Келісімшарттарының аяқталуына байланысты Демият Сламбеков, Станислав Павлов, Ярослав Терехов, Бекжан Рзатаев, Ахмет Тулеев, Хосе Карильо, Жасұлан Молдақараев, Йован Пайович, Дмитрий Юсов, Денис Митрофанов, Пируз Мараквелидзе және Даниэль Мауленов «Ұлытау» футбол клубының сапынан кетті.
Ұлытау намысын қорғап, бар күшін салған әрбір ойыншыға алғысымыз шексіз. Алдағы мансаптарында сәттілік, денсаулық және биік белестерді бағындыруларын тілейміз»,— деп хабарлады Жезқазған командасы Instagram парақшасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или