Данияр Елеусінов поп-ММА жұлдызымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Данияр Елеусінов поп-ММА жұлдызымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов поп-ММА жұлдызы Еркебұлан Тоқтармен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде ол SauBall ютуб арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Алайда, Данияр бұл кездесудің спорттық емес, тек коммерциялық маңызы барын ашық айтты.

«Егер табыс тұрғысынан алсақ – иә. Кездесе аламын. Ал спорттық тұрғыдан ешқандай қызығушылық жоқ. Өйткені ол мені жеңе алмайды, – деді Данияр Елеусінов.

Айта кетейік, Еркебұланның соңғы жекпе-жегі желтоқсанда Ташкентте өтті. Ол өзбекстандық Тимур Никулинмен бокс ережесі бойынша кездесіп, бірінші раунда қарсыласын нокаутқа жіберді. Ал, Данияр соңғы рет 2025 жылдың шілдесінде АҚШ-тың Вашингтон қаласында шаршы алаңға шықты. Ол филиппиндік Джеймс Бэконды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

2026 жылы өтетін ірі спорттық додалардың тізімі жарияланды

Данияр Елеусінов өз рейтингісінен күтпеген жерден түсіп қалды

Геннадий Головкин қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или