Елена Рыбакина Брисбен турнирінің 1/8 финалына жолдама алды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші (WTA рейтингінде 5-орын) Brisbane WTA 500 1/16 финалында қытайлық Чжаг Шуайдан (79-орын) 2:0 (6:3, 7:5) есебімен басым түсті.
Осылайша, екінші айналымнан сүрінбей өткен Елена Рыбакина 1/8 финалға жолдама алды. Енді оның қарсыласы чехиялық Мария Боузкова (46-орын) мен испаниялық Паула Бадоса (25-орын) арасындағы жұптың жеңімпазы болады.
Айта кетейік, биыл Брисбендегі турнирдің жүлде қоры 1 691 602 АҚШ долларын құрайды. Турнир жеңімпазы 214 530 доллар сыйақы алып, 500 рейтингтік ұпайға ие болады. Қазіргі чемпион Беларусь теннисшісі Арина Соболенко (WTA рейтингінде 1-орын) саналады.
Рыбакинаның 2026 жылдағы алғашқы қарсыласы анықталды
Александр Бубликтің Гонконг турниріндегі ықтимал қарсыласы анықталды
Қазақстандық теннисшінің 2026 жылдағы алғашқы қарсыласы анықталды