Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингке енді

Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингке енді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) әлемдік жасөспірімдер рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған тізімді Қазақстанның жас теннисшілері елеулі нәтижеге қол жеткізген.

17 жасар Заңғар Нұрланұлы бірден 12 сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 12-орынға ие болды. Өткен маусымда ол жасөспірімдер US Open турнирінің жартылай финалына шыққан, бұл оның мансабындағы маңызды нәтижелердің бірі болды.

Сонымен қатар, Дамир Жалғасбай да жақсы көрсеткіш көрсетті — ол 31-орынға көтеріліп, топ-20 рейтингіне жақындады. Даниель Тазабеков жаңартылған рейтингте 52-орында тұр.

Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниель Тазабеков жақында өтетін жасөспірімдер арасындағы Аустралия Ашық чемпионатының негізгі турниріне қатысады.

Рыбакинаның 2026 жылдағы алғашқы қарсыласы анықталды

Александр Бубликтің Гонконг турниріндегі ықтимал қарсыласы анықталды

Қазақстандық теннисшінің 2026 жылдағы алғашқы қарсыласы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или