София Актаева семсерлесуден әлем кубогы кезеңіне қатысады

София Актаева семсерлесуден әлем кубогы кезеңіне қатысады

Гонконгта рапирамен семсерлесуден әйелдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының намысын бір ғана спортшы қорғайды.

Жүлде мен рейтингтік ұпайлар үшін София Актаева сынға түседі.

Айта кетейік, семсерлесуші жыл басында БАӘ-де өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болған еді.

Гонконгтағы Әлем кубогының кезеңі 9-10 қаңтар аралығында өтеді.

Қазақстан семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңін екі медальмен аяқтады

Қазақстандық семсерлесуші Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Канададағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или