Жамбы нысаны әлемдік жарыстар тізіміне қосылды
Жамбы нысаны халықаралық жарыстар бағдарламасына ресми түрде енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақтың ұлттық садақ ату спортындағы «жамбы нысанасын көздеу» енді барлық халықаралық жарыстарға қосылды. Бұл нысана 2023 жылы Өзбекстанның Хива қаласында өткен «Этноспорт» конфедерациясының жиынында ресми түрде таныстырылған болатын.
Айта кетелік, аталмыш спорт түрі бойынша алғашқы ірі турнир 3-7 маусым аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында ұйымдастырылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или