Қытайлық теннисші спорттан шеттетілді

Қытайлық теннисші спорттан шеттетілді

Қытайлық теннисші Пан Жэньлун 12 жылға дисквалификацияланды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы тенистегі әділдікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық агенттіктің  баспасөз қызметі, яки әйгілі ITIA мәлім етті. 

Қытайлық теннисші Пан Жэньлун ұйымдастырылған матчтарға қатысқаны үшін 12 жылға спорттан шеттетілді. 25 жастағы спортшы оған қоса 110 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндетті деп танылған. Пан өзінің қатысуымен бес ойынның алдын ала келісілгенін және 17 рет басқа ойыншыларға пара ұсынуға әрекет жасалғанын мойындады.

Айта кетелік, дисквалификация 7 қараша 2024 жылдан бастап есептеліп, 6 қараша 2036 жылға дейін созылады. Ең жоғары рейтингін ол 2024 жылы 1 316-шы орынға көтерілген кезде алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или