Өзбекстандық футболшы үздік ең жас ойыншы атанды

Өзбекстандық футболшы үздік ең жас ойыншы атанды

Өзбекстан футболшысы Азияның ең үздік жас ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Goalpost аналитикалық басылымының нұсқасына сай Өзбекстан құрамасының орталық қорғаушысы Абдукодир Хусанов 2025 жылдың қорытындысы бойынша Азия құрлығының ең үздік жас футболшысы деп танылды. Қазіргі таңда Англия чемпионы «Манчестер Сити» сапында өнер көрсетіп жүрген ойыншы шешуші рейтингте бірінші орынға шықты. Хусанов дауыс беру барысында отандасы Аббосбек Файзуллаевты және өзге де Азияның талантты жас футболшыларын артта қалдырды.

Айта кетелік, ол «Манчестер Сити» тарихында негізгі құрамда тұрақты ойнаған алғашқы өзбек футболшысы атанып, осы маусымда АПЛ-де он матчқа қатысты.


«Манчестер Юнайтед» бас бапкерін қызметінен босатты



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или