Бибісара Асаубаева үздіктер қатарында
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша «FIDE» рейтингісіндегі көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін ол бірден бес сатыға көтеріліп, үшінші орынға шықты. Қазіргі таңда блиц рейтингінің көшін қытайлық Хоу Ифань бастап тұр, ал екінші орында оның отандасы Цзюй Вэньцзюнь орналасқан.
Айта кетелік, Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы атағын мансабында үшінші рет иеленді. Бұған дейін ол 2021 және 2022 жылдары топ жарған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или