«Ақтөбе» алғашқы оқу-жаттығу жиынын қайда өткізетіні белгілі болды
«Ақтөбе» жаңа маусымға дайындық барысында алғашқы оқу-жаттығу жиындарын Түркияның Анталья қаласында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жиын 9-29 қаңтар аралығында өтеді. Жаңа келісімшартқа отырған ойыншылар осы жиынға командамен бірге аттанады.
Сонымен қатар Николай Костов бастаған бапкерлік құрам бірнеше позицияға жаңа ойыншыларды бақылап, содан кейін шешім қабылдамақ. Командамен бірге өткен маусымда көзге түскен «Ақтөбе» футбол орталығының 5 ойыншысы ОЖЖ қатысады.
Бірінші жиында «ақ-қызылдар» үш бақылау матчын өткізеді: 18 қаңтарда чехиялық «Баник», 24 қаңтарда косовиялық «Гиляни» және 28 қаңтарда чорногориялық «Морнар» командаларымен.
Еске сала кетейік, КПЛ-2025 маусымының қорытындысы бойынша «Ақтөбе» турнир кестесінде бесінші орынға ие болып, 43 ұпай жинаған. Жақын арада клубтың жеке меншіктің қолына өтуі күтілуде.
FIFА ҚПЛ-дың топ-клубын жазалады