Қазақстандық футболшы Шотландия чемпионатында ойнайды

Қазақстандық футболшы Шотландия чемпионатында ойнайды

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Ислам Чесноков шотландиялық клубпен ресми келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы SSBCrack басылымы мәлімдеді.

«Қазақстандық вингер Ислам Чесноков Эдинбургтің футбол сахнасына ресми түрде қосылды. Ұзаққа созылған трансферлік келіссөздерден кейін 26 жастағы футболшы команданың оң қанаттағы ойынын күшейтуге тиіс.

Соңғы екі маусымда Қазақстан чемпионатында Чесноков тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп, әр маусымда екі таңбалы көрсеткіште гол соқты.

Бұл оның жаңа клубтағы ықпалына деген үмітті арттырды. Тони Блумға тиесілі Jamestown Analytics аналитикалық жүйесі ұсынған әсерлі деректерге сүйенсек, футболшы жаңа командасында бірден көзге түсуі әбден мүмкін», - делінген мақалада.

Шотландиялық клубтан ресми мәлімдеме таяу күндері жарияланады деп күтілуде.

Ислам Чесноков Шотландияға жетті

FIFА ҚПЛ-дың топ-клубын жазалады

«Қызылжар» тоғыз ойыншымен қоштасты

«Қайрат» БАӘ-дегі алғашқы жаттығуын өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или